МТРА жаңалықтары

Маусым айына арналған ауа райы болжамы

АЛДИЯР АЙТПАЕВ, тілші:
– Маусымға арналған ауа райы болжамы. Жаздың бірінші айының алғашқы 5 күні артта қалды. Ендігі кезек бірінші онкүндіктің екінші жартысында. Бұл күндері ауа температурасы түнде 9-14, күндіз 20-25 градусты құрамақ.

Ал маусымның 10 мен 20-сы аралығында сынап бағанасы жоғары болады. Түнде температура – 16-20, күндіз 29-34 градусты құрамақ. Синоптиктердің айтуынша, бұл онкүндік маусымдағы ең ыстық күндерімен есте қалады.

ГҮЛЗАТ ҒАЗИЗОВА, «Қазгидромет» РМК СҚОФ бөлім басшысы:
– Үшінші онкүндіктің бірінші жартысында ауа температурасы түнде 7-12, облыстың оңтүстігінде 16 градус жылы болмақ. Күндіз ауа температурасы 20-25 градусты құрайды. Содан кейін ауа темпаратурасы күндіз 25-30 градус жылыға дейін жоғарылауы күтіледі.

Ал маусымдағы жауын-шашынның көрсеткіші 33-49 миллиметрді құрамақ. Бұл айлық норма дейді Қазгидромед өкілдері. Ал өңірдегі желдің күштілігі секундына 15-20 метрге жетпек.

Алдияр Айтпаев