МТРА жаңалықтары

Беларусь аяқ киімдерінің жәрмеңкесі жаңа топтамамен толықты

Петропавлда Беларусь аяқ киімдерінің жәрмеңкесі жалғасуда. Бүгін сөредегі шетелдік өнімдер 400 жұп жазғы тауармен толықты.

Жаңа ассортиментпен танысып, сауда жасауға келгендердің бірі – Бақыт Сыздықов. Азамат өзіне жеңіл әрі ауа өткізетін аяқ киім алмақшы. Әзірге көңілінен мына қоңыр бәтеңке шығыпты.

 Бақыт Сыздықов, қала тұрғыны:
– Жәрмеңке жайлы әріптестерімнен естідім. Беларусь елінен жеткізілген аяқ киімдер өте сапалы әрі ыңғайлы екен. Сондықтан, осы жерден аяқ киім алатын болдым.  Бағалары жақсы, қымбат емес. Ассортименті де жақсы екен. Енді отбасымды осында әкелем.

Жәрмеңкеде кез келген адамның талғамынан шығатын аяқ киімнің түр-түрін кезіктіруге болады. Шетелдік меймандардың сөзінше, сауда алаңына күніне 100-ден аса адам келеді. Бір аптаның ішінде 500-ден астам тауар сатылған.

Диана Широва, сату жөніндегі менеджер, БР:
– Петропавлдықтарды аяқ киімдер жәрмеңкесіне шақырамыз. Тауардың барлығы таза былғарыдан тігілген. Оған қоса өнімнің басым бөлігі ортопедиялық. Жәрмеңкеде ерлер мен әйелдерге арналған ассортимент жтерлік. Әйелдерге арналған аяқ киімнің өлшемі 35-тен 43-ке дейін, ал ерлер үшін 40-тан 50-ге дейін бар.

Тұрғындар қажетті тауарды Уәлиханов көшесі, 15А мекенжайы бойынша таба алады. Жәрмеңке таңғы 10-нан кешкі 19:00-ге дейін жұмыс істемек. Айта кетейік, шаһарда Беларусь аяқ-киімдерінің сатылымы маусымның 9-на дейін жалғаспақ.

Дана Ешкенова