МТРА жаңалықтары

Аманжол Зағыпардың өлеңдері жинағы жарық көрді

«Тағдырымның тамшылары». Петропавлда шалқар шабыт иесі Аманжол Зағыпардың өлеңдер жинағы жарық көрді. 110-ға жуық туынды енген кітапты ақын ұзақ жылдар бойы жинақтапты. Яғни, бұл – оның оқырман қауымға ұсынған ең алғашқы жеке шығармалар топтамасы. Жалпы, ақынның өлеңдері бұдан бұрын да көптеген антологияда жарық көрген. Бірақ, бөлек басылым ретінде шығарылмай келіпті. Мұндағы мақсатым – өлеңдерді сүзгіден өткізіп, оқырманға сапалы еңбек ұсыну болды дейді Аманжол Зағыпар.

Аманжол Зағыпар, ақын, Қазақтан Жазушылар одағының мүшесі:
– Бұған дейін де кітап шығаруға болар еді. 100 кітап жазу мақсат емес деген ниетпен кітап шығаруға асықпадым.

Ата-анаға сағыныш, туған жерге деген сүйіспеншілік, махаббат, табиғат, тағысын тағы. Автордың кітабы барлық жастағы оқырманға арналған. Әр адам бұл туындыдан өзінің жан-дүниесіне жақын тақырыптағы шығарманы таба алады.

Аманжол Зағыпар, ақын, Қазақтан Жазушылар одағының мүшесі:
– Бұл кітапта отбасынан бастап Отан, тіл, елді-жерді сүю тақырыбында жазылған дүниелер бар. Сол себепті, туындыны оқушыдан бастап қазыналы қарияларымызға дейін оқуға болады деп ойлаймын.

Аманжол Зағыпар ағамыздың қалам тербеуден бөлек, суырып салмалық өнерін де теріскей жұрты жақсы біледі. Айтыскер түрлі республикалық аламандарда танымал ақындармен сайысқа түсіп, өңір намысын қорғаған. Қазір шәкірт тәрбиелеумен де айналысады.

Аманжол Зағыпар, ақын, Қазақтан Жазушылар одағының мүшесі:

Аманжол Зағыпардың «Тағдырымның тамшылары» атты өлеңдер жинағы осы аптада көпшілік назарына ұсынылады. Таныстырылым Ғ.Мүсірепов атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасында өтеді.

Бердимурат Баймухан