МТРА жаңалықтары

Өңірде референдум барысында заң бұзушылық тіркелген жоқ

Маңызды саяси науқаннан “Партиялық емес байқау орталығы” республикалық ұйымы облыстық филиалының төрағасы Жанат Мұхамеджанов та шет қалмады. Елімізде 1995 жылы өткен референдум азаматтың әлі есінде. Ол кезде жерлесіміз кәмелет жасына толмағандықтан дауыс бере алмапты. Бүгін белсенді жан тұрғылықты мекенжайы бойынша тіркелген 587-ші учаскеге келіп, жаңа Қазақстанның жарқын болашағы үшін таңдау жасады.

Жанат Мұхамеджанов, “Партиялық емес байқау орталығы” РҚБ СҚОФ төрағасы:
қаз: – Бүгін мен үшін тарихи оқиға. Өмірімде бірінші рет референдумға қатысып отырмын. Еліміздің жарқын болашағы үшін, экономикалық, демократиялық дамуы үшін өз дауысымды бердім.

Жанат Мұхамеджанов “Партиялық емес байқау орталығы”-ның өкілі болғандықтан сайлау учаскелеріндегі жұмыс барысын да бақылауда. Сөзінше, солтүстікқазақстандықтар маңызды шараға белсенді қатысып жатыр.

Жанат Мұхамеджанов, “Партиялық емес байқау орталығы” РҚБ СҚОФ төрағасы:
– Халық үлкен өзгерістерді күтіп отыр. Таң атқалы ағаларымыз, інілеріміз сайлау учаскелеріне келіп, өз таңдауларын жасап жатыр. 

Жалпы, бүгін облыс аумағында 648 сайлау учаскесі жұмыс істеп тұр. Референдум ашық әрі әділ өту үшін Партиялық емес байқау орталығынан 1428 өкіл қатысуда.


Дана Ешкенова