МТРА жаңалықтары

Түс ауғанша дейін референдумға қатысушылардың 53,43% дауыс берді


Қазақстанда референдум өткізілген деп саналады! Себебі, сағат 14.00-дегі жағдай бойынша елімізде 6 262 973 адам дауыс берген. Бұл – тарихи іс-шараға қатысушылардың жартысынан астамы. Маңызды жаңалықты отандастарымызға Орталық референдум комиссиясының мүшесі Анастасия Щегорцова жеткізді. Ол баяндамасында өңірлердегі статистиканы да тілге тиек етті. Сөзінше, өңіріміз 62,41% жалпы тізімде 5-ші сатыда тұр. Ал ең төмен көрсеткіш Алматы қаласына тиесілі. Мұнда халықтың тек 23,60% таңдау жасаған.

АНАСТАСИЯ ЩЕГОРЦОВА – ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі
– Бұл тізімге енгізілген азаматтардың 53,43% құрайды. Заңға сәйкес, егер референдумға қатысуға құқығы бар азаматтардың жартысынан көбі дауыс беруге қатысқан болса референдум өткізілген деп саналады. Осылайша, аумақтық референдум комиссияларының деректеріне сәйкес, заңмен белгіленген келушіге қол жеткізіліп отыр.


Байболат Култанов