МТРА жаңалықтары

Самал Есләмова референдумға қатысты

Жалпыхалықтық таңдауға кино индустриясында ойып тұрып орын алған жерлестеріміз де қатысты. Бүгін №595 сайлау учаскесіне өңір мақтанышы, еліміздің еңбек сіңірген қайраткері Самал Есләмова келді. Айтуынша ол шетелде жүрсе де елдің қамын ойлап жүреді. Бүгін солай азаматтық борышын өтеу үшін облыстық балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығында орналасқан сайлау учаскесіне келіп, дауыс берді. Актриса өз сөзінде референдумды толық қолдайтынын айтты.

Самал Есләмова, актриса, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері:
– Саяси науқанға қатысуды өзімнің ел алдындағы парызым деп есептеймін. Әр азамат Отанының болашағы үшін жасалып жатқан бастамаларға белсенді ат салысуы керек. Мен Мәскеуде оқып жүргенімде де елшілікке барып, президент сайлауларына қатысатынмын. Менің ойымша референдумнан кейін Қазақстанда көп өзгеріс орын алады. Бұл халқымыздың әл-ауқатын жақсартуға септеседі.


Бердимурат Баймухан