Денсаулық сақтау

СҚО-да үздік орта білім беретін ұйым таңдалып алынады

Бүгін Оқушылар сарайында “Орта білім беретін үздік ұйым” байқауының облыстық кезеңі өтті.

Жалпы, сайыс 2 кезеңнен тұрады. Биыл сәуір айында аудандық кезең өткен болатын. Оған өңірдің 70-тен астам білім беру ұйымы қатысты. Байқау қорытындысы бойынша облыстың 17-і мектебі жеңімпаз атанды. Оның 2-уі қалалық болса, қалғаны – аудандық білім беру ұялары. Бүгін 17 мектеп директоры облыс әкімінің грантын жеңіп алу үшін бақ таластыруда. Араларында қалалық 25-ші орта мектебінің директоры Сәуле Тұрсынова да бар. Педагог әкім грантын жеңіп алса, білім беру ұясында робототехника бағытын дамытпақ ниетте. Айта кету керек, сайыс қорытындысы тамыз айында белгілі болады.

 Сәуле Тұрсынова, қалалық №25 орта мектебінің директоры:
– Бұл байқауда бірінші зерделейтін критерийлер – ұстаздардың шығармашылық жолдары, олардың қандай байқауға қатысқандығы. Сонымен қатар, оқушылардың қалалық, облыстық, республикалық байқауларға қатысуы ескеріледі. Білім сапасы да қаралады.

Дана Ешкенова