МТРА жаңалықтары

Жергілікті университет ұжымы референдумға дайындалып жатыр

Облыстық мәслихат депутаттары Қозыбаев университетінің ұжымымен кездесті. Оқытушылар мен студенттерге Ата заңға енгізілетін өзгерістер жайында айтылды.
Референдум – халықтың қолдауымен еліміздің жаңа саяси жүйеге көшуіне барынша ықпал етуге бағытталған маңызды науқан. Педагогтар мен болашақ маман иелері депутаттарға референдумның өту тәртібі мен Конституцияның жаңғыруы жөнінде сұрақ қойды. Жиында тұшымды жауаптар айтылды, бірқатар ой тасталды.

Сәуле Сұрағанова – конецформыначалоформы«AMANAT» партиясы өңірлік штабының мүшесі, облыстық мәслихат депутаты
– Бүгін біз Конституцияға енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларға тоқталып өттік. Әр азаматтың пікірін тыңдадық. Референдумға белсенді қатысу қажет. Бұл – елдің дамуына қатысты қабылданып отырған маңызды қадам. Әр дауыс зор рөл атқарады.