МТРА жаңалықтары

СҚО-да 5 айда жолда 27 жаяу жүргінші зардап шекті

Петропавлда 11 жастағы қызды көлік қағып кетті. Жасөспірімді Бескөл ауылында жаяу жүргіншілер өткелінен өтіп бара жатқан кезде «Lexus» көлігі келіп соқққан.

Оқиға орнынан жеткіншек бірден облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. Осыған ұқсас жағдай жақында Қизатов көшесінде де тіркелді. Жаяу жүргіншілер жолағынан өтіп бара жатқан екі қала тұрғынын көлік қағып кеткен. Ер адамның біреуі алғашқы медициналық көмектен кейін үйіне жіберілді, ал екіншісі емханада ем қабылдап жатыр. Жалпы, облыста соңғы 5 айда жаяу жүргіншілердің қатысуымен 25 жол-көлік оқиғасы болды. Салдарынан 4 адам қаза тауып, 27 адам жарақат алды.

 Айдын Байматов – СҚО ПД ЖПҚБ бастығы
– Адамдардың қауіпсіздігі үшін жолдардың кейбір учаскелерінде жаяу жүргіншілер өткелінің алдында жасанды бұдырлық орнатылған. Ал бұндай кедергісі жоқ жерде жүргізушілер жылдамдықты азайтулары қажет. Сондай-ақ, жол бойында тоқтап тұрған автокөлікке де назар аудару керек. Өйткені, олардың тасасынан адам шығып қалуы мүмкін. Ал жаяу жүргіншілер жолақтың қауіпсіз екендігіне көз жеткізіп барып өтуі тиіс.

Алдияр Айтпаев