МТРА жаңалықтары

Қазақстандықтар жоғарылатылған зейнетақы мен жәрдемақы алады

Қазақстандықтар жоғарылатылған зейнетақы мен жәрдемақыны маусымнан бастап ала бастайды. Тағы тұрғындарға үстіміздегі жылдың сәуір мен мамыр айлары үшін қосымша ақы төленеді. Жоғарылайтын төлемдердің жалпы саны 6,6 млн-ды құрап отыр. Естеріңізге сала кетейік, қазіргі уақытта елімізде айлық есептік көрсеткіш – 3180 теңге. Ең төменгі зейнетақы – 48 032 теңге, ең төменгі күнкөріс деңгейі – 37 389, ал базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері 20 191 теңгені құрайды.

Байболат Култанов