МТРА жаңалықтары

Есірткіге жол жоқ

Облыста жыл басынан бері заңсыз айналымнан 18 келіден астам түрлі есірткі тәркіленіп алынды. Наша жарнамаланған 100-ге тарта сайт анықталды. Есірткі атаулының жолын тыюда осындай нақты іс-әрекеттерден бөлек профилактикалық шара жүргізген де тиімді дейді тәртіп сақшылары.

“Балалар жылы” аясында мамандар қоғам белсенділерімен бірге жасөспірімдерді кинотеатрға жиып, тұз бен спайстың зияны жөнінде фильм көрсетті. Шара 400-ден астам жасты қамтыды.

Бауыржан Әбділманов – СҚО ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілі

– Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасыы Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күніне арналған жасөспірімдер арасында «Есірткісіз болашақ» атты кезекті іс-шара ұйымдастырды. Балаларды кинотеатрға шақырып, синтетикалық есірткі туралы фильмнің екі бөлігін көрсеттік.

Есірткі адамның денсаулығына ғана емес, оның болашағына балта сілтейді. Нашақордың көзін шел басып, жүрегіне тат түседі. Шамамен 1 сағатқа созылған фильмде қылмыскерлердің қитұрқы әрекеттері, адамды адастыратын жолдан алыс болу қажеттігі туралы баяндалады. Соңында көрмендерге жадынамалар таратылды.

Гүлнұр Саматилаева – оқушы

– Есірткі – бұл адамның дұшпаны екеніне көз жеткіздім. Өйткені, мен есірткі туралы тек қана фильмдерден көрген едім. Ал қазір өзімнің қаламда болып жатқан кадрларды көргенде корқынышты сияқты.

Облыста оқушылар мен студенттер арасында жыл басынан бері 100-ге жуық алдын алу шарасы ұйымдастырылған.

Данаш Хамзина