МТРА жаңалықтары

Жылдамдықты асырған 3 мыңнан астам жүргізуші анықталды

Жыл басынан облыста жылдамдықты шектен тыс асырған 3 мыңнан астам жүргізуші анықталды. Жолдағы оқыс оқиғалардың басым көпшілігі құйындай жүйткудің салдарынан болады дейді полиция қызметкерлері.
Жалпы, биыл өңірде жолда жүру ережелерін бұзған 27 мыңнан астам адам жауапкершілікке тартылған. Еске сала кетейік, жылдамдықты шектен тыс асырғаны үшін ҚР Әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы кодексінің 592-ші бабына сәйкес 5 тен 30 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл салу қарастырылған.

Самал Жунусова