МТРА жаңалықтары

Аға буын өкілдері балаларға қуаныш сыйлады

Аға буын өкілдері балаларға қуаныш сыйлады. Бүгін облыстық ардагерлер кеңесінде Халықаралық балаларды қорғау күніне орай арнайы акция ұйымдастырылды.

Шара кездесу ретінде өтті. Шақырылған қонақтар – жеткіншектер мен олардың ата-аналары.

Анатолий Корабельников, облыстық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары.
– «Бүгін ерекше күн. Балалардың қауіпсіздігіне мемлекет тарапынан баса мән беріледі. Ал қоғам тарапынан тәрбиеге көңіл бөлінуі қажет. Кейінгі ұрпақты дұрыс тәрбиелеу – біздің міндетіміз. Бойларына үлкенді сыйлау, кішіге қамқор болу, адал әрі патриот болу деген сияқты қасиеттерді сіңіруіміз қажет”.

Жиынды өткізудегі мақсат – жеткіншектерді мерекелерімен құттықтап қана қоймай, аға буынның қамқорлығын көрсету. Ақыл-кеңестер айтылды, бағыт-бағдар нұсқалды, соңында түрлі сыйлықтар үлестірілді.

Блиц:

– Бүгінгі жиын тағылымға толы болды. Ардагерлер кеңесіне мүшелік ететін қариялар кезінде түрлі саланың тұтқасын ұстаған. Біраз естеліктерімен бөлісті.
-Бүгін әрі мереке, әрі сыйлық алу – екі есе қуаныш. Бізге кітап тарту етілді. Өзім кітап оқығанды жақсы көремін.

Тағылымды кездесулер әлі жалғасын табады. Өйткені, мұндай жүздесулер жас буынның тұлға болып қалыптасуына ықпал етеді.

Ұлан Ыдырыс