МТРА жаңалықтары

«Балаларға күлкі сыйла» акциясы

 

«Балаларға күлкі сыйла». Облыс орталығында осындай атаумен ерекше іс-шара өтті. Оны облыстық стоматология мамандары ұйымдастырды.

Тіс тазалаудың белгілі бір тәртібі бар. Қарапайым, бірақ соның өзін кейде балалар түгілі ересектердің өздері білмей жатады. Тіс щеткасын қалай ұстау керек, тісті неше минут тазалау керек – соның бәрін ақхалаттылар жеткіншектерге жіті түсіндіріп берді.

Елена Алишева, облыстық стоматологиялық емхана директорының орынбасары:
– Сабағымыздың мақсаты – балаларға тіс тазалау техникасын көрсету. Ауыз қуысының гигиенасын сақтау аса маңызды. Бұл балаларға тіпті кариестің не екенін және онымен қалай күресетінін айтатын жақындары жоқ. Осы шара оларға деген қамқорлықпен өткізіліп жатыр.

Мамандар құр қол келген жоқ. Балалардың әрқайсысына тіс пастасы мен тіс щеткасынан үлестірді. Тісті тазалау ретін жазып отыру үшін арнайы күнтізбесі де бар екен.

БЛИЦ
 – Әр тісті 10 рет тазалап шығу керек. Егер тісіңді дұрыстап тазаламасаң түсіп қалуы мүмкін.
 – Тіс тазамалаудың салдары соқпақты. Кейін көп ақшаны талап етуі мүмкін. Сол себепті, артынан қарай бармақ тістегенше бұл жағдайдың алдын ала білу керек.

Бастысы, тәттіні көп жемеу керек. Сонда тіс те сыздамайды әрі бүтін болады. Тіс әдемі болса күлкің де көз тартарлықтай болады.

Ұлан Ыдырыс