МТРА жаңалықтары

Бірлік бар жерде тірлік бар

Бірлік бар жерде тірлік бар. Бүгін “Amanat” партиясының облыстық филиалы жанынан “Talqylau” диалог алаңы жұмысын бастады. Бұл жер бір емес, бірнеше саяси ұйым өкілінің басын біріктірді. “Келісіп пішкен тон келте болмас” қағидасын ұстанатын солтүстікқазақстандықтар кездесу барысында алдағы референдум жайын кеңінен талқыға салды.

Ата заңға өзгеріс енгізу – тарихи оқиға. Ал оны ел есінде қаларлықтай өткізу – отандастарымыздың ортақ міндеті. Сондықтан, жауапты іске бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығара кіріскен жөн. Қазіргі таңдағы ең маңызды шаруа – ақпараттандыру жұмысына қарқын қосу. Халық бүкілхалықтық дауысқа салудың мән-маңызын ұғынса, 5-ші маусым күні жаңа Қазақстанды құруға ат салысады. Қозыбаев университеті ректорының кеңесшісі Ақмарал Ыбыраева саяси шараға тұрғындардың әзірлігі жақсы дейді. Өзі де алдағы жексенбіні асыға күтіп жүр екен.

Ақмарал Ыбыраева, Қозыбаев университеті ректорының кеңесшісі:
–  Халықтың 80 пайыздайы өзгерістер мен толықтыруларды қолдап отыр. Бұл өзгерістер – қоғамның өзгеруі, болашақ өміріміздің өзгеруі. Мен өзгерістерді қолдаймын! Міндетті түрде отбасыммен дауыс беруге барамыз.

Байболат Култанов