МТРА жаңалықтары

Солтүстікқазақстандықтар Ата заңға енгізілетін өзгерістерді қолдайды

Парламент рөлінің күшеюі, әкімдерді сайлау мен конституциялық соттың қайта келуі. Солтүстікқазақстандықтар алда келе жатқан референдумға баруға дайын. Әлеуметтік сауалнама жүргізу кезінде тұрғындар жаңа саяси өзгерісті қолдайтындарын айтуда. Жерлестеріміздің көбісін халықтың таңдау мүмкіндігінің артып жатқандығы қуантады екен. Сонымен қатар, тұрғындар Президент өкілеттілігінің азаюы мен конституциялық соттың жаңғыруын қолдауда.

БЛИЦ:

– Алдағы уақытта тұрғындарға облыс пен қала әкімдерін таңдау құқығы да берілсе нұр үстіне нұр. Себебі, тұрғындар атқамінерлердің жұмысының сапасын жақсы біледі.

Бердимурат Баймухан