МТРА жаңалықтары

Петропавлда “ТОП” такси қызметі бар

Петропавл-Омбы және Петропавл-Түмен бағытындағы жолаушылар тасымалы. Шаһарда “ТОП” такси қызметі жұмыс істейді.

Яна Метринская 3 жыл бұрын Омбы университетіне оқуға түскен. Сол кезде жас қыз Петропавлдан аталған шаһарға жылдам әрі жайлы жету үшін такси іздестірген. Интернет арқылы “ТОП” такси деген сайтқа тап болады. Содан бері тек осы қызметке жүгінеді екен.

ЯНА МЕТРИНСКАЯ:

 – “ТОП” таксимен 3 жыл қатынаймын. Қызмет көрсету сапасы жақсы. WhatsAppта жеке чаттары бар. Оған туындаған сұрағыңды жазып жібересің. Мәселен, мен шекара асу үшін қандай құжаттар қажет деп сұрап алдым. Мамандар бірден көмек көрсетіп, кеңестерін берді. Оған қоса “ТОП” такси қызметінде студенттерге жеңілдіктер қарастырылған.

Ал Станислав Любакивский “ТОП” такси жайлы жақында біліпті. Түмен қаласының тұрғыны Петропавлға жарты жылда бір рет келіп тұрады екен. Соңғы рет Солтүстік Қазақстан облысына осы таксимен жетіпті. Енді тек осы қызметке жүгінемін дейді.

СТАНИСЛАВ ЛЮБАКИВСКИЙ:
– “ТОП” таксидің қызметі көңілімнен шықты. Түменнен Петропавлға тез жеттім. Жүргізушілер жолда өте ұқыпты. Оған қоса белгілі бір уақытты ұстанады. Сайтта таңертең 6-да алып кетеміз деп жазылып тұрса, 1 минутқа да кешікпей келеді.

“ТОП” такси – сенімді сервис. Күн сайын оның қызметкерлері Петропавлдан Омбыға және Түменге 20-ға жуық рейс жасайды. Жолаушылар тапсырысты сайт арқылы ғана емес, мобильдік қосымшамен де бере алады.

АНДРЕЙ ГОЛОВАЧЕВ, «ТОП» такси жетекшісі:
– Петропавл-Омбы бағытындағы жол билетінің құны 1,5 мың рубль тұрады. Ал Түмен-Петропавл бағытындағы билет 1-ші маусымнан бастап 2,5 мың рубльді құрайды. Сонымен қатар, бізде клиенттерге көптеген жеңілдік қарастырылған. Мәселен, досыңызды ертіп әкелсеңіз билеттің құны төмендейді.

Айта кеткен жөн, “ТОП” таксиге 9-шы рет мінген адам діттеген жеріне тегін жетеді. Жалпы, мұндай сервисті Андрей Головачевтің өзі ойлап тауыпты.
Кәсіпкер студенттік кезінде Петропавл-Омбы бағыты бойынша жолаушыларды жиі тасымалдап тұратын. Клиенттерінің саны артқаннан кейін осындай қызмет түрін ашуды жөн көрген. Қазіргі таңда “ТОП” таксиде 20 жүргізуші мен 4 оператор еңбек етеді. Енді Андрей Головачев алдағы уатытта Петропавл-Қостанай және Павлодар-Омбы бағыттары бойынша жолаушы тасымалы қызметін құрмақ ниетте.

Дана Ешкенова