МТРА жаңалықтары

Шетелдік қонақтар «Alageum Electric» зауытындағы өнімдермен танысты

Түркия, Ресей мен Беларусь. Бүгін Петропавл электротехникалық зауытына жақын шетелден қонақтар келді. «Alageum Electric» компаниясының өкілдері сырт елдік меймандараға отандық өнімді таныстырды. Яғни, Петропавлда өндіріліп жатқан трансформаторларды құрастыру барысын көрсетті.

«Alageum Electric» компаниясының ел бойынша 14 зауыты бар. Соның бірі былтыр күзде Петропавлда да ашылды. Бұған себеп – логистика мәселесі. Нақтырақ айтсақ, көрші жатқан Ресей – біздің ең ірі импортеріміз. Компания өкілдеріне тауарды басқа облыстардан жеткізу үшін біраз уақыт пен қаражат кетеді екен. Солтүстік Қазақстанда өндіріс орнын ашқан соң бұл бағыттағы шаруа едәуір жеңілдеген көрінеді.

САЙДОЛЛА ҚОЖАБАЕВ, «Alageum Electric» холдингтік компаниясының негізін қалаушы:
– Бұл жердің логистикасы өте қолайлы. Контейнерлік база бар.

Қазақстандық тауардың сапасына шетелдік мамандар жоғары бағасын беріп отыр. Сапаның бәсекеге сай екеніне таныстырылым кезінде де көз жеткіздік дейді ресейлік «Мосизолятор» компаниясының өкілі Максим Осипов.

МАКСИМ ОСИПОВ, «Мосизолятор» ЖШҚ ТМД елдеріндегі сату бағытының жетекшісі, РФ:
– Жіңішке металлдардың ешқайсысында қылау жоқ. Бұл материалды өңдейтін қондырғылардың өте заманауи екенін білдіреді. Яғни, кәсіпорында құрастырылған трансформаторларда ешқашан ақау болмайды. Қазақстандық тауардың сапасына 100 пайыз деген баға беремін. Оны өз қолыммен ұстап, тексеріп көрдім.

Жалпы, «Alageum Electric» компаниясы ТМД елдерінің барлығына тауар сатады. Отандық өнімнің экспорты қазіргі күні 97 пайызды құрап отыр. Өндірісте қолданылатын бөлшектердің басым бөлігі шетелдік болғандықтан, сапа жағынан басқа компаниялардан бірнеше саты жоғары тұр. Зауыт бәсекеге қабілетті, басқа мемлекеттерден сұраныс та жыл сайын артып келеді. «Alageum Electric» холдингтік компаниясының негізін қалаушы Сайдолла Қожабаев жақында Петропавлда тағы бірнеше жобаны қолға алмақшы.

САЙДОЛЛА ҚОЖАБАЕВ, «Alageum Electric» холдингтік компаниясының негізін қалаушы:

Биыл Петропавл электротехникалық зауыты 4 мың дана трансформатор шығармақшы. Жыл басынан бері 300 данасын сатып үлгерген. Өндіріс қуаттылығы жыл сайын арта береді. Келесі жылғы меже 8 мың трансформаторды құрайды. Ал толық қуатқа көшкен соң жыл сайын 12 мың дана тауар құрастырылмақ.

Бердимурат Баймухан