МТРА жаңалықтары

Мамлют ауданының әкімі есеп берді

Жол, су және тұрғын үй мәселесі. Облыс орталығынан 50 шақырым жерде орналасқан Мамлют ауданында биыл ауқымды оң өзгерістер орын алмақ. Бұл жайында аудан әкімі Владислав Лукин журналистермен кездесу барысында мәлім етті.

Ағымдағы жылы ауданда 36,7 шақырым жол орташа жөндеуден өтпек. Іске 1,5 млрд жұмсалады. Ал “Белое-Щучье” жолының 10 шақырымына қиыршық тас төселеді. Бексейіт, Қызыләскер, Бике елді мекендеріне су таратқыш желі тарту жоспарланған. Шаруа жүзеге асса, 500-ден астам тұрғын таза тірішілік нәрімен қамтылмақ. Өткен жылы Мамлютте қоныс аударушыларға арналып мемлекеттік бағдарлама аясында 15 үй және кезекте тұрған жандар үшін 30 пәтерлі баспана салыныпты. Бүгінгі таңда кезекте 228 адам тұр. Биыл 30 отбасы қоныс тойын тойлайды деп жоспарланып отыр. Мамлютка қаласында да ауқымды жұмыс жүргізілмек. Аудан орталығында ұзындығы 1,7 шақырымды құрайтын жылу құбыры салынады. Нәтижесінде 10 көппәтерлі үй орталықтандырылған жылу желісіне қосылады.

Дана Ешкенова