МТРА жаңалықтары

Қазақстанда жиһаз қымбаттауы мүмкін

Қазақстанда жиһаз қымбаттауы мүмкін! Баға Ресейден Қазақстанға ағаш әкелу шығындарының бақандай 4 есеге өсуіне байланысты өзгеруі ықтимал. Жиһаз және ағаш өңдеу өнеркәсібі қауымдастығының басшысы Қанат Ибраевтің хабарлауынша, бұрын 1 текшені тасымалдау шамамен 3000-3500 теңге болыпты. Ал қазір оның құны 12 мыңға жеткен екен. Рубльдің басқа валюталарға қатысты жоғарылауы да тауар сомасына әсер етеді. Соңғы айларда валюта бағамы теңгеге қатысты 5,5-тен 7 теңгеге дейін көтеріліпті. Сарапшылардың пікірінше, елімізде орман көлемінің жеткіліксіз болуына байланысты өнеркәсіптік ағаш дайындау үшін мүмкіндік жоқ. Сондықтан, маусымның басында жиһаз өндіруге арналған материалдар кем дегенде 30 пайызға қымбаттайды.

Байболат Култанов