МТРА жаңалықтары

Бескөлде референдум жайы талқыланды

Бескөлде референдум талқыға салынды. Қызылжар ауданындағы этномәдени орталық жетекшілері алдағы ауқымды саяси іс-шараның маңыздылығы мен өзгерістерді тілге тиек етті.

Кездесуге мәслихат депутаты Юсуп Келигов те қатысып жатыр. Халық қалаулысы жиналған қауымды референдумға бір адамдай қатысып, жаңа Қазақстанды бірге құруға шақырды.

Юсуп Келигов, Қазақстан мәслихаттарының құрметті депутаты
– Референдум туралы бірнеше ақпараттық-түсіндіру шарасына қатыстым. Бір байқағаным, азаматтар өте белсенді. Референдумның өтетіні жайлы өздерінің оң көзқарастарын білдіріп жатыр. Кониституцияның қалай өзгеретіндігі жайлы көп сұрақ қойды.

Тамара Ткаченконың ұлты беларус. Қазақстан азаматы. Нәзікжанды елінің болашағына бейжай қарай алмайды. Осында туды, өсіп-өнді, Қазақстанның келешегі кемел болатынына сенімді. Оған – жаңаратын Конституция кепіл.

Тамара Ткаченко, Қызылжар аудандық беларусь этномәдени орталығының жетекшісі
–  Осы қасиетті жерде тұрып жатқаныма 60 жылдан асты. Қазақ мектебін оқыдым, қазақ қыздарымен “Қамажай” билеп, халық әндерін де айттым. Қонақжай ұлттың арасында өсіп-өндім. Қасиетті мекеннің әр тау-тасы мен үшін қымбат. Сол себепті, референдумды мен қос қолдап қолдаймын. Бұл – еліміз үшін өте қажетті саяси іс-шара.

Маусымның 5-і күні өтетін референдумға кәмелет жасқа толған ел азаматтарының барлығы қатысуға құқылы.

Алдияр Айтпаев