МТРА жаңалықтары

Референдумды қолдау штабының өкілдері спортшылармен кездесті

Кезек спортшыларға да келді. Бүгін референдумды қолдау штабының өкілдері салауатты өмір салтын ұстанған жандармен кездесті.

“AMANAT” партиясы жанынан құрылған штаб мүшесі Владимир Витченко жастарға саяси іс-шараның маңыздылығын айтып, елімізде орын алғалы тұрған ауқымды өзгерістерді жіпке тізді.

ВЛАДИМИР ВИТЧЕНКО, “AMANAT” партиясы жанынан құрылған референдумды қолдау жөніндегі штаб мүшесі

– Бұған дейін өз елімізді әлемге танытумен айналыстық. Бұл мақсатымыз орындалды. Енді ішкі әл-ауқатты арттыру бойынша жұмыстар жүргізілмек. Референдум бұған арқау болмақ. Сол үшін де референдумға белсенді ат салысу қажет.

Бүгінгі жиынға облыстық олимпиада резервінің мамандандырылған мектеп-интернат-колледжінің жастары мен оқытушылары қатысып отыр. Көпшілік арасынан Данияр Өтегенов штаб мүшелеріне сұрақ қойып, саяси іс-шараға қатысты қызығушылығын білдірді.

ДАНИЯР ӨТЕГЕНОВ, облыстық ОРММИК оқытушысы

-Қатысатын болдық. Мамандар бәрін жақсы түсіндірді. Өзімнің ойым – барып референдумды қолдау қажет. Бұған спортшылар да, облыс құрамалары да белсенді түрде қатысады деп ойлаймын. Жаңа Қазақстан деп бекерден-бекер айтылып жатқан жоқ. Бұған мен сенімдімін. Қазақстанымыз жақсы жаққа ілгерілейді.

Бүгінде облыстық референдумды қолдау штабына 20 қоғам белсендісі мүшелік етеді. Олар күнделікті осындай 10-ға тарта жүздесу ұйымдастырады. Айта кету қажет, Петропавлда маусымның 5-і күні 80-нен астам сайлау учаскесі жұмыс істейді.

Алдияр Айтпаев