МТРА жаңалықтары

Солтүстікқазақстандықтар референдум жайлы ойларын білдірді

Солтүстікқазақстандықтар алда келе жатқан референдумға баруға дайын. Қазір жерлестеріміздің барлығы дерлік конституцияға енгізілетін түзетулермен танысып үлгерген сыңайлы. Әлеуметтік сауалнама жүргізу кезінде тұрғындар жаңа саяси өзгерісті қолдайтындарын айтуда. Кейбірі Президент өкілеттілігінің азайғанын жақтаса, өзгелерін табиғи байлықтардың халық игілігі үшін жұмсалатыны қуантып отыр. Осыдан-ақ, жерлестеріміздің жаңа конституцияға деген көзқарасы оң екенін аңғаруға болады.

БЛИЦ:

– Жер байлықтары халыққа тиесілі болады деген пункт өзіме қатты ұнады. Бұл еліміздің элеуметтік-экономикалық дамуына серпін береді деген ойдамын.

– Реформаны халықпен ақылдасып енгізу – құптарлық іс. Осыдан кейін қазақстандықтардың тұрмыс-жағдайы жақсарады деген сенімдемін. Негізі, мұндай өзгерісті ертерек жасау керек еді.

Бердимурат Баймухан