МТРА жаңалықтары

Референдумға қатысудың маңыздылығы

Конституциялық реформа нені көздейді? Референдумға қатысу несімен маңызды? Осы сұрақтарға Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифингіде ҚР Президенті жанындағы “Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты” директорының орынбасары Алуа Жолдыбалина жауап берді.

Жалпыхалықтық референдумның өтуіне саусақпен санарлық күн қалды. Ел тарихындағы елеулі оқиға қарсаңында Қазақстанда арнайы сауалнама ұйымдастырылыпты.

 АЛУА ЖОЛДЫБАЛИНА, ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ директорының орынбасары:

 – Мамырдың 9-ы мен 12-сі аралығында біз әлеуметтік зерттеу жүргіздік. Яғни, телефондық сауалнама жүргіздік. Сауалнамада отандастарымызға “Референдум жайлы білесіздер ме?”, “Маңызды саяси шара қай күні өтеді?” деген сұрақтар жолдадық. Бүгінде Президенттің бастамасын 76,4 пайыз халық қолдап отыр. Ал халықтың 66,4 пайызы референдумға қатысамын деген пікір қалдырды. Референдумге қатысу өте маңызды.

Естеріңізге сала кетейік, биыл Ата заңның 3/1 бөлігіне өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі. Қазіргі таңда арнайы құрылған штаб мүшелері халыққа жаңашылдықтар жайлы түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр

АЛУА ЖОЛДЫБАЛИНА, ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ директорының орынбасары:

 – Конституцияға енгізілетін өзгерістер – тарихи өзгерістер. Мысалы, Парламентке, оның ішінде Мәжіліске, Сенатқа және Президенттің өзінің өкілеттілігіне қатысты өзгерістер орын алады. Өлім жазасына, адам құқықтарына қатысты да көптеген өзгерістер бар.

Бұл маңызды саяси іс-шараның басты өзгешелігі – халықтың пікірі мен ұсыныстары, талап-тілектері міндетті түрде ескеріледі. Яғни, алдағы бүкілхалықтық референдум Президент ұсынған “Халық үніне құлақ асатын мемлекет” тұжырымдамасының айқын көрінісі болмақ.

Дана Ешкенова