МТРА жаңалықтары

Беларусь аяқ киімдерінің кезекті жәрмеңкесі бастау алды

Сапалы аяқ киіммен қуантқан жәрмеңке өз жалғасын тапты. Осы жолы Беларусь елінен келген сатушылар тауардың жазғы түрін молынан ала келіпті. Сөреге қойылған өнім саны 900 жұптан асып жығылады. Мұнда әр адамның талғамынан шығар дүниені оп-оңай таба аласыз.

ЕЛИЗАВЕТА ПОЛИВЦЕВА, сату жөніндегі менеджер, БР:

– Біздің аяқ киімдер таза былғарыдан тігілген. Табаны полиуретанды. Бүгілмейді, жарылып кетпейді. Оның үстіне жеңіл әрі жұқа. Қолымдағы өнім ортопедиялық негізде жасалған. Жазға арналған бұдан артық тауар таппайсыз.

Облыс орталығына ат басын бұрардың алдында шетелдіктер Шымкент пен Қостанай қаласында болған екен. Аялдаған үшінші қала – Петропавл. Өткен жолы мұнда шамамен 1000 жұп етік сатылған екен. Сұраныс бар. Белорусь елінің өкілдері сол себепті қаламызға қайта келуді жөн деп тапқан.

ИВАН КОВАЛЕНКО, менеджер, БР:

– Тауардың басым бөлігі ортопедиялық. Әйелдерге арналған арналған аяқ киімнің өлшемі 34-тен 42-ге дейін, ал ерлер үшін 40-тан 50-ге дейін бар. Біз таңғы 9-дан кешкі 7-ге дейін демалыссыз жұмыс істейміз.

Уақыт аз. Жәрмеңке 29 мамырға дейін ғана жалғасады. Тұрғындар қажетті тауарды Уәлиханов көшесі, 15А мекенжайы бойынша орналасқан нысаннан таба алады. Жаңа топтамамен инстаграм арқылы да танысуға болады. Парақшаның атауы экранда көрсетілген.

Самал Жунусова