МТРА жаңалықтары

3 мыңнан астам жалға алынған пәтердің жарты сомасын мемлекет төлейді

Тұрғын үй саласындағы тың жаңалық! Қазақстанда жалға берілетін баспананы субсидиялау бағдарламасы бойынша 3044 отбасының өтініші мақұлданды. Бұл туралы “Отбасы банк” АҚ басқарма төрайымы мәлім етті.

Ляззат Ибрагимованың айтуынша, жоба қолға алынғалы 14 мыңға тарта өтініш келіп түскен. Соның тек 3 мыңнан астамы тиісті талапқа сай келген. Алдағы бірер аптада жолы болған отандастарымыз жалдап тұратын үйдің төлемақысының 50%-ы мемлекет тарапынан төленбек. Еске сала кетейік, бұл бағдарламаға 1-ші және 2-ші топтағы мүгедектер, мүмкіндігі шектеулі балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар, кәмелетке толғанға дейін ата-анасынан айырылған, жиырма тоғыз жасқа дейінгі жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынан айырылған жастар қатыса алады.

Байболат Култанов