Спорт

Өңірдің панкратионшылары ел біріншілігінен жүлделі оралды

Өңірдің панкратионшылары ел біріншілігінен жүлделі оралды. Дүбірлі дода мамырдың 19-ы мен 21-і аралығында Нұр-Сұлтан қаласында өтті. Жарысқа еліміздің түкпір-түкпірінен 280 спортшы қатысты. Оның 11-і – солтүстікқазақстандықтар.
11 спортшының біреуі – алтын, екеуі – күміс және тағы біреуі қола медаль жеңіп алды.
Алтын алқаның иегері – Самат Жантас. Құқық қорғау органдарында қызмет ететін азамат спортты 16 жасынан серік етіп жүр.

Самат Жантас, панкратионнан өткен ел біріншілігінің чемпионы:

– Бірінші жартылай финалда мен Қызылорда облысының спортшысымен кездестім, ал финалдың өзінде шығысқазақстандық Нұрболат Құлбековпен күш сынастырдым. Жарысқа жақсы дайындалып бардым. Нәтижесі көңілден шықты.

Самат Жантастың әріптесі Нұрсұлтан Жакупов қоланы қанағат тұтты.
Мұндай деңгейдегі жарысқа бірінші рет қатысып отырғандықтан қоланың өзін иелену оңай болмаған.

Нұрсұлтан Жакупов, панкриатоннан өткен ел біріншілігінің қола жүлдегері:

– Турнирде мен 2 жекпе-жек өткіздім. Бірінші кездесуде ақтөбелік жігітке қарсы шықтым. Финалдық кезеңде Өскемен қаласының спортшысымен жолықтым. Одан жеңіліп, 3-ші орын алдым.

Енді спортшылар жаттығуларына қарқын қосады. Өйткені, алда Азия чемпионаты бар. Осы төрттік ел намысын әлемдік аренада қорғайды. Аталған дүбірлі доданың қашан өтетіні әзірге белгісіз.