Жеңілдетілген автонесиелеу бағдарламасы бойынша 34 қазақстандық көлік сатып алды

Аптадағы маңызды жаңалықтар

21:48 23 Мамыр 2022

Бүгінге дейін жеңілдетілген автонесиелеу бағдарламасы арқылы 34 қазақстандық көлік сатып алды. Бұл жайында орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингіде «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ басқарушы директоры Әди Ғалымжан мәлім етті.

Мамырдың 16-сы елімізде жеңілдетілген автонесиелеу бағдарламасы бастау алды. Бір аптаның ішінде 4 пайыздық жеңілдетілген несие алуға 14 мыңнан астам қазақстандық өтініш білдірген. Оның ішінде жалпы сомасы 35,7 млрд теңгені құрайтын 5 мыңға жуық өтініш мақұлданған.

ӘДИ ҒАЛЫМЖАН , «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ басқарушы директоры:

– Енді осы қолдаудың қорытындысымен ол кісілерге ақша бөлініп, көліктерін ала алады. Бүгінде 34 адам автонесие бағдарламасы арқылы көлік сатып алды. Бұл бағдарлама аясында бір азамат 2 жылда бір рет қана 10 млн-ға дейін несие ала алады. Сонымен қатар, алғашқы жарна қоры қажет емес. Егер де алатын көлік 10 млн-нан асса онда азамат өз ақшасын қоса алады.

Бүгінде автонесиелендірудің 1-ші кезеңі жүріп жатыр. Оған 100 миллиард теңге қаржы қарастырылған. Яғни, бұл кезеңде 4 пайыздық жеңілдікпен 10 мыңдай қазақстандық көлік ала алады. Ал келесі кезең көлікке кредит алғандардан төлем түсе бастаған кезде қайта жалғасады. Осы ретте “Көлік жеткілікті ме?” деген сұрақ туындайды.

ЕРБОЛ СЕЙПІЛОВ, Қазақстан автобизнес қауымдастығының өкілі ;

– Қазіргі таңда автонесиелеу бағдарламасы аясында 5 бренд қатысып отыр. Ол: Hyundai, JAC, KIA, Лада және Chevrolet көліктері. Осы брендтер бойынша 32 модель бар. Мақұлданған өтініштерге сәйкес бұл көліктерге несие беріліп жатыр. Тиімді несиелеу бағдарламасының 1 кезеңі бойынша 8 мыңнан астам автокөлік дайын тұр. Маусым айында тағы да 8 мыңнан астам көлік жеңілдетілген несиеге арналады.

Сөз соңында айта кетейік, қазіргі таңда, азаматтар жеңілдетілген автонесиені рәсімдеу үшін өтініштерін “Халық банк”, “Банк ЦентрКредит”, “Еуразиялық банк” және “Форте банк”-ке бере алады.

Дана Ешкенова

Бұдан әрі оқыңыз

СҚО-ның әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы
Облыс әкімі жұмыс сапарымен Ғ.Мүсірепов ауданында болды
Үкімет отырысы
Облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы
Петропавлда құс фабрикасының құрылысы басталды
Медицина қызметкерлері күні
Облыс әкімі ГФР-дың Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісімен кездесті
Облыс әкімі “CLAAS” зауытының өкілдерімен кездесті
Облыс әкімі құрылыс алаңдарында болды
Референдумға атсалысқан солтүстікқазақстандық белсенділер марапатталды