МТРА жаңалықтары

Петропавлда референдумды қолдау мақсатында концерт өтті

Петропавлда референдумды қолдау мақсатында «Open air» концерті өтті. Музыкалық кеште елімізге енді танылып келе жатқан әнші Нұрболат Қанай мен жергілікті өнерпаздар өнер көрсетті.

Референдум халық үшін маңызды екені даусыз. Алда Конституцияның баптарына көптеген түзету енгізіледі. Енді Президенттің өкілеттігі біртіндеп қысқарып, парламент пен мәслихаттардың рөлі артады.

ЗӘКІРЖАН МАМЛЮТОВ, РЕФЕРЕНДУМДЫ ҚОҒАМДЫҚ ҚОЛДАУ ЖӨНІНДЕГІ ОБЛЫСТЫҚ ШТАБЫНЫҢ МҮШЕСІ:

– Бүгін Петропавлға алда өтетін елеулі оқиғаны қолдау мақсатында еліміздің эстрада әншілері келді. Орталық алаңға ел тағдырына бейжай қарамайтын жастар жиналды. Шынымен де елімізге күрделі өзгерістер керек. Соның нәтижесінде Қазақстан дамып, өркендей түседі. 

Күннің суықтығына қарамастан ашық аспан астында ұйымдастырылған концертке қала тұрғындары мен қонақтары көптеп жиылды. Енді алда 5-ші маусым күні жалпыхалықтық референдумға да көпшілік осылай белсенді қатысса екен дейді ұйымдастырушылар.

Алдияр Айтпаев