МТРА жаңалықтары

Жол жағдайы – әкімдік жұмысының айнасы

Енді жолдардың жағдайы әкімдіктердің беделін айқындайды.
Рейтингіде көш соңында қалып қоймас үшін жолдарды жөндеу мен оның сапасына ерекше мән беру қажет. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің автомобиль жолдары комитетінде өткен онлайн-кеңесте айтылды.

 

Жиында алдағы уақытта нәтижесінде әкімдіктердің рейтингі түзілетін жол сапасын бағалау жүйесі таныстырылды. Ал жол сапасы бірінші кезекте сол жолды пайдаланушылардың арасында сауалнама жүргізу арқылы таразыланады. Осы ретте әлеуметтік желілер оқылады, бұқаралық ақпарат құралдарында жол сапасы туралы шыққан сыни бейнематериалдар ескеріледі. Бағалау барысына сараптама нәтижелері, заманауи әдіс-тәсілдердің қолданылуы да әсер етеді. Мұндай рейтинг жылына екі рет жасалады.

Данаш Хамзина