МТРА жаңалықтары

Өнер ұжымына конституциялық өгерістер таныстырылды

Өңір азаматтары конституциялық реформаға қатысты өздерінің оң пікірлерін білдіріп жатыр. Бүгін референдумды қоғамдық қолдау облыстық штабының мүшесі Күлімкөз Смайылова тағы бір топ азаматпен кездесіп, сұрақтарына жауап берді.

Облыстық қуыршақ театрының ұжымына жаңаша қарқын алған саяси науқанның маңыздылығы түсіндірілді. Не өзгереді, қалай өзгереді – бастысы референдумнан қалыс қалмау керек. Әр азаматтың пікірі мен даусы маңызды.

Күлімкөз Смайылова, референдумды қоғамдық қолдау облыстық штабының мүшесі:

– Тағы бір қызықты мән-мағыналы кездесу өтті. Мәдениет саласында қызмет ететін адамдармен қездестік. Олар әр сөзімізді зейін қойып тыңдады. Қызығушылық танытып жатқандары байқалады.

Бердимурат Баймухан