МТРА жаңалықтары

Мас күйінде ұсталған 27 жүргізушіге қатысты қылмыстық іс қозғалды

Петропавлда өткен жылдың қыркүйегінде жол-көлік апатына себепші болған ер адам 4 жарым жылға бас бостандығынан айырылды. 32 жастағы қала тұрғыны көлік жүргізу құқығынан айырыла тұра әрі мас күйінде рөлге отырған.
Оқиға Қазақстан Конституциясы мен Жамбыл көшелерінің қиылысында болды. Көліктің ішінде 3 жолаушы отырған. Біреуі облыстық ауруханада көз жұмды.
СҚО-да жыл басынан бері көлік жүргізу құқығынан айырылса да рөлден айырылмаған әрі мас күйде болған 27 жүргізушіге қатысты қылмыстық іс қозғалды. 19 жайтқа қатысты іс сотқа жолданды. Соның ішінде 10-ына қатысты бас бостандығынан айыру туралы жаза қолданылған, 9 іс әлі соттың қарауында жатыр.

Данаш Хамзина