Шаховское тұсындағы қоқыс полигоны “Қызылжар Тазалық” серіктестігіне қарайды. Бірақ, аталған кәсіпорын істің экологиялық талапқа сай жүргізілуін реттей алмай отыр. Экология департаментінің мамандары аталған нысанда жүргізілген тексеріс барысында бірнеше заңбұзушылық анықтады.
АЗАМАТ БЕКТАСОВ, СҚО бойынша экология департаментінің басшысы
Бұл аздай, тағы бір олқылық анықталды. Полигонға әкелініп төгіліп жатқан тұрмыстық қалдықтар аумақтың шекарасынан асып кетіп, сайын далада шашылып жатыр. Жел тұрса қоқыс атаулы қаңбақша айналып жер аса береді. Оның жолын кес-кестейтін қоршау қарастырылмаған.
АЗАМАТ БЕКТАСОВ, СҚО бойынша экология департаментінің басшысы
Өз тарапынан кеткен олқылықтарды кәсіпорын өкілдері жоққа шығарып отырған жоқ. Полигон толуға жақын, техника тозған, қоқыс сұрыптайтын желінің қауқары төмен. Мәселені шешудің бір-ақ жолы бар. Ол үшін тарифті көтеру қажет дейді серіктестіктің экологы Татьяна Ковтун.
ТАТЬЯНА КОВТУН, “Қызылжар Тазалық” ЖШС экологы
Полигонның аумағы 28 гектарды құрайды. Сыйымдылығы – 1 млн 480 мың тонна. Аумақ 85 пайызға толып тұр. Мамандардың айтуынша 2024 жылы полигонның белгіленген мерзімі таусылады.
Алдияр Айтпаев