Аптадағы маңызды жаңалықтар

Қазақстандағы референдумға 40-қа жуық халықаралық бақылаушы келеді

ҚР Орталық референдум комиссиясы 5 маусымдағы референдумға қатысатын халықаралық ұйымдар мен шет мемлекеттердің бақылаушыларын аккредиттеу туралы қаулы қабылдады. Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, тіркеуге 3 халықаралық ұйымнан және 5 шет мемлекеттен 39 бақылаушы қатысқан.

ГРАФИКА:
1. ТМД бақылаушылар құрамынан – 6 адам
2. Түркі мемлекеттері ұйымынан – 5
3. ТМД Парламентаралық Ассамблеясының құрамынан – 17 бақылаушы
4. Әзірбайжан, Беларусь, Болгария, Грузия және Молдовадан 11 бақылаушы келеді

Саяси іс-шараны қадағалауға келетін өкілдердің қатарына тағы да мамандар қосылуы мүмкін. Халықаралық ұйымдар мен шет мемлекеттердің бақылаушыларын аккредиттеу 30 мамыр сағат 18:00-ге дейін жалғасады.

Бердимурат Баймухан