МТРА жаңалықтары

«Қауіпсіздік сағаты» шарасы

СҚО-да 4 айда 60-тан астам жол-көлік оқиғасы болды. 14 адам қаза тауып, 92-сінен астамы жарақат алды. Жарақат алғандардың 5-уі – бала.
Жолда алаңғасарлық танытуға болмайды. Тәртіп сақшылары Жазғы демалыста балалардың қатысуымен жол-көлік оқиғалары жиілеп кетпес үшін “Қауіпсіздік сағаты” деген атаумен іс-шара өткізді. Мамандар көшедегі қозғалысқа мониторинг жүргізіп, әсіресе, жаяу жүргіншілер өткелдерін ерекше назарда ұстады. Айтуларынша, жаяу жүргіншілер де, көлік жүргізушілері де тиісті ережелерді жақын маңда қызметтік көлік тұрғанда аса ұқыптылықпен орындайды. Мамандар тұрғындарға жолда осындай сәттерде ғана емес жалпы үнемі сақтық пен адалдық таныту қажеттігін қаперге салады.

Баян Байғаскина, СҚО ПД ЖПҚБ аға инспекторы

 – Облыс орталығындағы мектептердің жанындағы жаяу жүргіншілер өтпелерінде жарқылдауық маяктары қосылған патрульдік полиция экипаждары қойылған. Патрульдік автопатрульдерде орнатылған арнайы дауыс зорайтқыштар бір уақытта бір минутқа қосылады. Осылайша, біз балалардың, ата-аналардың және жүргізушілердің назарын аударып, жолдарда қауіпсіз емес екендігін еске салмақпыз.

Данаш Хамзина