МТРА жаңалықтары

Геология саласының жай-күйі мен оның дамуы туралы баяндалды

Бүгін орталық коммуникациялар қызметінде геология саласының қазіргі жай-күйі мен оның одан әрі дамуы туралы баяндалды.

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ, Қазақстан Республикасының Президенті:

– Жер қойнауын пайдалану саласы, әсіресе, геологиялық барлау мен жер қойнауын кешенді зерттеу тұрғысынан жаңа серпінге мұқтаж. Ұлт жоспары бойынша басталған реформалар іс жүзінде аяқталуы тиіс. Геологиялық ақпараттың ашық цифрлық базасы құрылуы керек. Оған инвесторлардың қолжетімділігін қамтамасыз ету керек. Жер қойнауы – ұлттық қазына.

Мұндай мәлімдемені мемлекет басшысы осыдан жарты жыл бұрын жасады. Сол кезден бастап еліміздің геология саласына қатысты бірқатар міндет жүктелді. Мұны брифинг барысында бейінді ведомствоның төрағасы Талғат Сатиев тілге тиек етті.

ТАЛҒАТ САТИЕВ, ҚР ЭГТРМ геология комитетінің төрағасы:

– Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау барысында геология саласының алдына мынадай негізгі міндеттер қойылды: геологиялық зерделеуді арттыру және пайдалы қазбалардың болжамды ресурстарын бағалау мақсатында жер қойнауына мемлекеттік геологиялық зерттеу жүргіземіз. Екіншіден минералдық-шикізат базасына мониторинг, сондай-ақ, жерасты сулары мен қауіпті геологиялық процестерге мониторингті іске асыру.

Бүгінде елімізде пайдалы қазбалар қорларының мемлекеттік балансында 8 мың 711 кен орны бар.

Алдияр Айтпаев