МТРА жаңалықтары

Бөкетов көшесінде жөндеу жұмыстары жүріп жатыр

Бөкетов көшесінде өткен жылы бастау алған ауқымды жөндеу жұмыстары биыл қайта жалғасын тапты.
Ж.Жабаев көшесі мен Н.Назарбаев көшелерінің ортасындағы аралықтың жабылғанына біраз болды. Мұнда әуелі кәріздік жүйе орнатылып жатыр. Жоспарланған 500 метрдің әзірге жартысы ғана салыныпты. Іске 3 бірдей кәсіпорын жауапты. Суағарлар орнатылып болған соң үстінен асфальт төселеді. Жөндеу жұмыстарына қалалық бюджеттен 53 млн теңге бөлінген.

ӘСЕМ АЙТОЛЛА, қалалық ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің баспасөз хатшысы:

– Өткен жылы Бөкетов көшесінде, яғни Жамбыл мен Назарбаев көшелерінің бойында суағарларды құру бойынша жұмыстар басталған болатын. Бұл жалпы 2 жылға шақталған. Өткен жылы жұмыстардың бір бөлігі жасалды. Бүгінгі таңда ПЗД жасау барысында кейбір желілер қарастырылмағандықтан кейбір қиындықтар туындады. Қазіргі кезде олардың барлығы жасалып жатыр. Осы жұмыстар аяқталған соң асфальтті жөндеу жұмыстары басталады.

Самал Жунусова