МТРА жаңалықтары

Жастармен жемқорлық мәселесі талқыланды

Жергілікті университет қабырғасында студенттермен кездесу өтті.

Жиын барысында “Жаңару” сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалысы” ұйымы мен “Қызылжар – адалдық алаңы” жобалық офисінің өкілдері жастармен жемқорлықтың алдыну ал бойынша әңгіме өрбітті. Мамандар бармақ басты, көз қыстылықтың неге әкеп соқтыратынын және оның адам өміріне қалай әсер ететіндігін жіті түсіндірді. Жалпы, бұл іс-шараға оқу орындарының студенттері онлайн және офлайн форматта қатысты. Айта кету қажет, мұндай бастаманы “Жаңару” сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалысы” ұйымы биыл жастарға арнап шығарған жаңа жоба аясында қолға алып отыр.

ТЕМІРҒАЛИ ӘБІЛМӘЖІНОВ, “Жаңару” сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалысы” ҚБ СҚОФ директоры:

– Мен жастарға сенемін” дем Мағжан Жұмабаев айтқандай бүгінгі күні біз де жастарға сенім артып отырмыз. Бүгінгі ұл-қыздар ертең оқуларын бітіріп бір маман болады. Сол кезде өздерінің жұмыстарын адал атқарып, елі үшін аянбай тер төксе соның өзі үлкен бір қуаныш. Сол себепті, мына кездесудің маңызы зор. Жастар – біздің болашағымыз.

Алдияр Айтпаев