МТРА жаңалықтары

Мал ауруларымен күрес – күн тәртібінде

Мал ауруларымен күрес – күн тәртібінде. Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі ұсынған дерекке сүйенсек, ағымдағы жылдың басынан бері республика аумағында 177 қолайсыз пункт тіркелген. Оның 91-і аса қауіпті жұқпалы індеттер санатына жатады. Сондай-ақ, бруцеллез бойынша 86 қосын анықталған. Дертпен күрестегі басты қару – вакцина. Биыл жоспардан тыс мәжбүрлі 58 мың бас ірі қараға, 4700 бас ұсақ мүйізді жануарға және 2400 бас жылқыға екпе салынған. Үстіміздегі жылдың 4 айында тәркіленген және жойылған төртаяқтылардың 61 басына 15,1 млн теңге өтемақы берілген. Сонымен қатар, қаңтар-сәуір аралығында мемлекеттік ветеринариялық инспекторлар салада 6 мыңнан астам бұзушылық анықтап, жауапты тұлғаларға шамаман 207 млн теңге айыппұл салыпты.

Байболат Култанов