МТРА жаңалықтары

Қазақстандағы астық қоры 6,6 млн тоннаны құрайды

Қазақстандағы астық қоры 6 млн 600 мың тоннаны құрайды. Ұлттық статистика бюросының 1-ші мамырда шығарған мәліметіне сүйенсек қазіргі күні елдегі элеваторлар мен қоймаларда 43 мың тоннадан аса бұршақ пен дәнді дақылдар сақтаулы тұр және 4,6 млн тонна азықтық астық, 1,4 млн тонна тұқым мен 593 мың тоннадан аса мал азығы бар. Сондай-ақ, мамыр айының басында Қазақстандағы бидай қоры 5,4 млн тоннаны, оның ішінде азық-түлік қоры 4 млн тоннаны құрады. Алғашқы қажеттіліктегі азық түлікке келер болсақ, бүгінде елде 95 мың тонна жүгері, 146 мың тонна күріш, 791 мың тонна арпа мен 28 мың тонна қарақұмық бар.

Бердимурат Баймухан