МТРА жаңалықтары

Қазақстанда ипотекалық несие көлемі бір жылда 1 трлн теңгеге өсті

Ұлттық банктің мәліметінше, үстіміздегі жылдың 1 сәуіріне дейін тұрғын үй сатып алу үшін берілген қарыз көлемі 3,5 трлн теңгеден асты. Ал өткен жылы бұл көрсеткіш 2,3 трлн теңге болған. Осылайша, бір жыл ішінде қазақстандықтарға үлестірілген несиенің көлемі 52%-дан асып жығылған немесе 1,2 трлн теңгеге өскен. Естеріңізге сала кетейік, 2021 жылы ел тұрғындарына зейнетақы жинақтарының бір бөлігін тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін шешіп алуға рұқсат етілген болатын. Статистиканың күрт өсуіне дәл осы жаңашылдық әсер еткен.
Ипотекаға ең көп баспана алғандардың қатарында бірінші болып Нұр-Сұлтан қаласы тұр. Елордалықтар 1 трлн теңгеден астам қаржыға несие рәсімдепті. Одан кейінгі кезекте Алматы қаласы мен Қарағанды облысы. Бұл ретте Түркістан, Қызылорда мен Солтүстік Қазақстан облыстары тізімнің соңғы жағында тұр. Теріскейліктер 60,5 млрд теңгеге несие алған екен.
Осы орайда айта кетейік, бүгінге дейін бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан қазақстандықтардың шотына 3,1 трлн теңгеден астам қаржы аударылды.

Бердимурат Баймухан