МТРА жаңалықтары

“QYZYLJAR art” орталығында “Шабыт” атты көрме қанат жайды

АЛДИЯР АЙТПАЕВ , тілші:

-“QYZYLJAR art” орталығында көрме қанат жайды. Жерлестеріміздің назарына кәдімгі киізден жасалған картиналар ұсынылған. Ерекше туындыларды Назарбаев Зияткерлік мектебінің ұл-қыздары сабын мен судың көмегімен жасаған.

Барлығы – 40-қа тарта картина. Жанрлары әр түрлі. Оқушылардың бірі көркем табиғатты бейнелсе, енді бірі натюрморт пен портрет салған. “Шабыт” көрмесінде Әминә Байжомартова да өз туындысын ұсынған. Ерекше іспен әуес бұрымдының картинасы көзге оттай басылады. Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушысы бұл еңбекті жасап шығару түрлі түсті киізді кеңінен қолданыпты.

ӘМИНӘ БАЙЖОМАРТОВА, химия-биология бағытындағы НЗМ оқушысы:

-Войлок өнерімен НЗМ-іне оқуға түскелі айналысып келемін. Міне, бұл іспен айналысып жүргеніме 1 жылдың көлемі болып қалды. Бұл – менің жасаған екінші еңбегім. Біріншісін жасаған кезде әрине қиын болды. Біріншісіне қарағанда осы еңбекті жасап шығару оңайырақ болды. Осындай ашық түстерді қолдана отырып пейзаж жанрында картина жасадым.  Бұл өнер зейін мен сабырлықты қажет етеді.

Картинаны жасап шығарудағы техниканы айтар болсақ, бірінші кезекте ұл-қыздар қағаз бетіне сурет салып алады. Кейіннен барып сол суретке киіз жапсыра бастайды. Оны мықтап жапсыру үшін сабын мен су керек екен. Жалпы, Назарбаев Зияткерлік мектебінде киіз басу үйірмесі білім ордасы ашылғалы, яғни, 2015 жылдан бастап істеп келеді. Үйірме сабағына аптасына 2 рет өтеді.

АЙЖАН ДАЙЫРОВА, химия-биология бағытындағы НЗМ киіз басу үйірмесінің мұғалімі:

– Бұл өнер біздің ата-бабаларымыздан мирас болған. Осыны ұмытпай, жаңғыртып жатырмыз.
2-13 Үйірмеге 15 оқушыдан астам ұл-қыздар келеді. Бір туындыны жасап шығару үшін 1 аптадан астам уақыт керек.

Бұған дейін бұл туындылар Назарбаев Зияткерлік мектебінің қабырғаларында ілініп тұрған. Яғни, оқушылар қолынан шыққан еңбектер көрмеге алғаш рет шығарылып отыр.

Алдияр Айтпаев