Аптадағы маңызды жаңалықтар

Солтүстік Қазақстан облысына ҚР Президентінің көмекшісі Ернар Баспаев келді

Еліміздің Ата Заңына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар аясындағы ақпараттық-түсіндіру жұмысы шеңберінде Президенттің көмекшісі Ернар Баспаев Солтүстік Қазақстан облысының қоғам белсенділерімен кездесу өткізді. Іс-шараға азаматтық қоғам өкілдері, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, саяси партиялар мен өңіріміздің басқа да белсенді жандары қатысты. Жиынға қатысқандар ҚР Конституциясына қатысты ұсынылған өзгерістердің мазмұнын талқылап, алдағы референдумның маңыздылығы жайлы сөз қозғады.

ҒАНИ НЫҒЫМЕТОВ, СҚО әкімінің орынбасары

– Облыстық штабқа 23 адам кіреді. Әр штаб мүшесінің жеке жоспары бар. Сол бойынша жұмыс атқарып жатыр.

ЖАНАТ МҰХАМЕДЖАНОВ, референдумды қоғамдық қолдау облыстық штабының төрағасы:

– СҚО азаматтық альянсы жанынан 6-шы мамырдан бастап референдумды қоғамдық қолдау штабы құрылды. Бүгінге дейін 30 іс-шара өткізілді. 5-ші маусымға дейін 60-іс шара өткізілу жоспарланып отыр.

Өңірімізге жасаған жұмыс сапары барысында Ернар Баспаев азаматтарды жеке қабылдау өткізді, оның аясында облыс тұрғындары Президенттің көмекшісіне өз мәселелері мен арыз-шағымдарын жеткізді. Азаматтардың өтініштері бойынша Гуманитарлық білім орталығы мен жергілікті атқарушы орган басшыларына тиісті тапсырмалар берілді.

Бердимурат Баймухан