МТРА жаңалықтары

Мал шаруашылығының дамуын жем-азық қорының аздығы тежеп тұр

Мал шаруашылығының дамуын тежеп тұрған факторлардың бірі – тиісті жем-азық қорының аздығы. Сол себепті, алдағы уақытта мал шаруашылығына субсидия бөлу кезінде сол шаруашылықта өзінің қажеттілігіне жем-шөп өсіру мен оны өндіру барысы есепке алынады. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев үкімет отырысында айтты.
Мал шаруашылығын субсидиялау механизмін жетілдіру іс-шаралары аясында мал өсірушілердің жем-азық өндірудегі қауқарына қатысты белгілі бір талаптар енгізіледі.
Осы орайда айта кетейік, бейінді министрлік өткен жылы мал азығын өндіру саласын дамыту жөнінде 2022-2025 жылдарға арналған Жол картасын әзірлеген болатын. Министрдің айтуынша жергілікті жерлерде құжатта жазылған іс-шараларды жүзеге асыру бойынша жұмыс жүйелі түрде атқарылып жатқан жоқ, ал мал шаруашылығын дамыту жем-шөп қорын есепке алмай жүргізілуде.

Данаш Хамзина