МТРА жаңалықтары

Бюллетень неден тұрады?

Бір сұрақ және екі жауаптың нұсқасы. Алдағы референдумда болатын бюллетеньнің мазмұны осындай. ////////////
Құжат жасырын дауыс беру кабинасында толтырылады. Әр дауыс беруші ресми қағазға өз таңдауын жеке өзі ғана, біреудің қатысуынсыз жазуы қажет. Егер азамат денсаулығына немесе белгілі бір себептерге байланысты бюллетеньді өзі толтыра алмаса, онда референдумның жұмысынан тыс адамның көмегіне жүгіне алады. Еске сала кетейік, қағазда екі жауаптың нұсқасы көрсетілген. Белгі қою арқылы біреуін таңдау қажет. Белгіні қарындашпен қоюға болмайды және түзету енгізуге тыйым салынған.

Данаш Хамзина