МТРА жаңалықтары

17 мамыр – Байланыс және ақпараттандыру қызметкерлерінің күні

Бүгін – Байланыс және ақпараттандыру қызметкерлерінің күні. Осыған орай арна ұжымы байланыс саласының ардагері, облыстың құрметті азаматы
Тілек Әдірахмановты құттықтай барды.

90-ға таяған Тілек атамыз салауатты өмір салтын ұстанады. Таңертең ерте тұрып таза ауада серуендеу – ақсақалдың үйреншікті әдеті. Бүгінгі серуен ерекше. Мерекеде зейнеткер тілшілермен тілдесуді жөн көрді. Әңгіме тарихқа шолудан басталды. Тілек Әйтімұлы жарты ғасырға жуық өмірін байланыс саласына арнапты.

79 план 00:03 ТІЛЕК ӘБДІРАХМАНОВ, байланыс саласының ардагері, СҚО құрметті азаматы:

 – Мен 1963 жылы байланыс саласына қызметке келдім, ал 75-ші жылы облыс басқармасына ауыстырды. Мұнда мен орынбасар лауазымында еңбек еттім. Ал 93-жылы басқарма бастығы болып тағайындалдым. Байланыс саласының жұмысы өте күрделі. Біздің қол астымызда ол кезде 7 мыңнан астам адам жұмыс істеді. Соның ішінде ауыртпалығы көп жұмыстың бірі пошта болды. 7 мың адамның 85 пайызы осы поштада еңбек етті.

Тілек Әдірахмановтың айтуынша, 60-70-ші жылдары өңірдегі 461 елді мекенге бір күнде 2,5 млн дана газет-журнал жеткізілетін. Сол кезде әрбір отбасы басылымның түр-түрінен 25-30 данадан алыпты. Соның бәрін уақытылы жеткізіп беру байланыс саласында қызмет ететін мамандардың міндеті болды.
Байланыс саласының ардагері Тілек Әдірахманов Кеңес үкіметі кезінде талай қиыншылық болды дейді. Тіпті, пошташылар қақаған суықта, аптап ыстықта жаяу-жалпылап, жол-жөнекей біреудің арбасына мініп шалғайдағы елді мекендерге де барып жүріпті.

ТІЛЕК ӘБДІРАХМАНОВ, байланыс саласының ардагері, СҚО құрметті азаматы:

– Сосын мен келгеннен кейін бұл схеманы ауыстыруды жөн көрдім. Яғни, пошташыларға транспорт бөлу қажет дедім. Басшылар бұған қарсылық танытты. Жол жоқ, көлік жоқ деп. Бірақ, қалай болса да өзімнің ойымды жүзеге асырдым.

Ұзақ жылдар бойы облысымызға телефон жетіспепті. Сол кездегі Бескөл ауданына қызметке келген кезде аудандық байланыс торабында бар-жоғы 20 нөмірлік Ленинградтық станция болған. Оның өзі адамның көмегімен қосылатын. Кейін Тілек Әйтімұлының басшылығымен 2 мың нөмірлік телефондық станция құрылыпты. Нәтижесінде бүкіл Кеңес одағының қалаларына тура байланысқа шығатындай мүмкіндік туған.

ТІЛЕК ӘБДІРАХМАНОВ, байланыс саласының ардагері, СҚО құрметті азаматы:

– “Байланыс саласында ең алғашқы кездері қолменен телефонискалар қосып отыратын коммутаторлар болатын. Кейін олар өзгеріп, жаңарып, автомазизацияланды. Сосын мен ауданда жұмыс істеп жүргенде бүкіл ауданға 50-100 нөмірлік автоматты телефон станцияларын құрып, аудан орталығынан облыс орталығына дейін ешқандай телефониялық көмегінсіз, өзі теріп, өзі байланысқа шыға алатын деңгейге жетті.

Сол кезбен мен қазіргі заманның айырмашылығы жер мен көктей дейді Тілек Әбдірахманов. Кеңес үкіметі кезінде ақпаратты жеткізудің өзі қиынға соғатын, ал қазір кез келген мәлімет қолжетімді. Интернетті аша қалсаң болғаны, парақтап-ап жөнелесің.

Дана Ешкенова