Мәдениет

Петропавлда Абай және Мағжан оқуларының облыстық кезеңі өтті

Петропавлда Абай және Мағжан оқуларының облыстық кезеңі өтті. Байқау аудандық және қалалық сында топ жарған 150-ден астам оқушының басын қосты. Өңіріміздің түкпір-түкпірінен жиналған ұл-қыздар 11 номинация бойынша бақ таластырады.

АЛМАГҮЛ ОСПАНОВА, СҚО білім басқармасының бас маманы:

 

  • Бұл іс-шара Мемлекет басшысының 01:04 2022 жылдың Балалар жылының аясына өткізіліп жатыр. 00:36 Биыл 1-ші жыл облыстық деңгейде бастауыш сыныптардың байқауы ұйымдастырылып отыр. 3-4 сынып оқушылары Абай атамыздың өлеңдері мен қара сөздерін жатқа айтудан сайысқа түсіп отыр.Қазір 9 жасар Баян Тұрғынжан Абайдың 19-ші қара сөзін жатқа айтып жатыр. Жеткіншек ұлы ақынның 6 қара сөзін жатқа айтып берді.

    БАЯН ТҰРҒЫНЖАН, оқушы, Есіл ауданы:

     

  • Мен 7-ші, 16-шы, 19-шы, 24-ші, 31-ші, 38-қара сөздерін жатқа айттым. Өткен жылғы олимпиадада 1-ші орын алдым. Осы облыстық олимпиададан да 1-ші орын аламын деген үміттемін.Ал мына жерде қаламы ұшқыр жас ақындар өз өлеңдерін оқып жатыр. Ереже бойынша дарынды ұл-қылдар Мағжан мен Абайға арнаған жыр шумақтарын таныстыруы қажет. Қазір қазылар алқасының алдында Жаңажол ауылынан келген Ақселеу Жасұлан өз туындысын тарту етуде.

    АҚСЕЛЕУ ЖАСҰЛАН, оқушы, Жамбыл ауданы:

     

  • Өзімнің шығарған өлеңім ол Мағжан Жұмабаевтың өмірі мен өлеңі арасындағы байланыс туралы. М.Жұмабаевтың өзінің іщінде сақтаған сырларын соларды мен өз ойыммен шығарып жатырмын. Әр аталым бойынша топ жарған жеткіншектерге дипломдар табысталды. Ал 1-ші орынға ие болған оқушылар облыстың намысын республикалық кезеңде қорғайды. Республикалық Мағжан оқулары маусым айында Петропавлда ұйымдастырылады. Абай оқуларының қашан өтетіні әзірге белгісіз.

Самал Жунусова