Облыс әкімі Құмар Ақсақалов мәселесі көп үйдің тұрғындарымен кездесті

МТРА жаңалықтары

22:05 16 Мамыр 2022

Жамбыл Жабаев көшесіндегі 49А нөмірлі көпқабатты үйдің жай-күйі тұрғындардың берекесін әбден қашырды. Осыдан 2 жыл бұрын қолданысқа берілген нысанның төбесі де тесілді, жылу мен су бойынша да бірқатар мәселе пайда болды.

Бір әттегені, мұндай баспанаға қол жеткізу үшін азаматтар біраз жыл бойы пәтер кезегінде тұрған. Үмітіміз ақталмады, зая кетті деп отыр.

ҚАЙРАТ ЕСМАҒАМБЕТОВ, үйдің тұрғыны:

– Қуаныштан төбеміз көкке жетіп алған үйіміздің жағдайы осы. Алғашында терезеден суық үрледі және үйге дұрыс жылу келмеді. Күзде жертөлеге қатысты мәселе шықты. Душқа түсу мүмкін емес. Ыстық су жоқ. Бірде жылы су ағады, бірде суық су.

Тұрғындармен кездесіп, мәселені біржақты ету үшін бүгін аталған үйге облыс әкімі Құмар Ақсақалов келді. Өңір жетекшісі бірден көпқабатты нысанның жертөлесіне бет алды. Көктемде еріген қар суы осында келіп тоқтайды, тіпті, тізеден де асады екен. Бірақ, мердігер компания мұның себебін әлі анықтай алмай отыр.

ҚҰМАР АҚСАҚАЛОВ, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:


– Себебін табыңдар. Бұл мәселені тез арада, жаздан қалтырмай шешу керек. Тұрғындардың алдында мұндай проблема туындамауы қажет.

Жылуға қатысты мәселені де тез арада шешу қажет. Ол үшін қажетті қаражат бөлінеді деді Құмар Ақсақалов.

ҚҰМАР АҚСАҚАЛОВ, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:


– Жертөлеге судың қайдан келіп жатқандығын экспертизадан кейін біліп, дұрыстаймыз. Жылыту жүйесі бойынша да 2 апта ішінде барлық үйде тиісті жұмыс жүргізіледі. Үйді салған – “Зерттеу СК” компаниясы. Олар сіздерді алаңдатып отырған олқылықтарды кепілдік мерзімі аясында түзейді.

Облыс әкімі үйді салған “Зерттеу СК” компаниясының тұрғындар алдында өз міндеттемелерін қалай орындағанын бір айдан кейін келіп тексереді.

Алдияр Айтпаев

 

Бұдан әрі оқыңыз

Облыстық қоғамдық кеңес отырысы
“Есірткісіз қала” акциясы
Мүгедектігі бар жандарды жұмыспен қамту
Мемлекеттік қолдаудың көмегімен кәсібін кеңейтті
Майнерлер ел бюджетіне 652 млн теңге аударды
СҚО-да жыл басынан бері 100-ден астам есірткі қылмысы анықталды
Мәдениет және өнер қызметкерлері құрметке бөленді
“Туған елге тағзым” шарасы
Облыстық көпбейінді балалар ауруханасында ашық есік күні өтті
5 мыңға жуық петропавлдық көлік салығын төлемеген
Облыс әкімі жұмыс сапарымен Мамлют ауданында болды
Болашақтың полицейі қандай болуы тиіс?Болашақтың полицейі қандай болуы тиіс?