МТРА жаңалықтары

Көктемгі аңшылық маусымы қорытындыланды

Көктемгі аңшылық маусымы сәуір айының 23-інде бастау алды. Осылайша заңды түрде мылтығы бар жандарға аталық дала үйрегі мен құр құсын ғана атып алуға рұқсат берілді. Бірақ, жалпыға ортақ ережені бұзу фактілері биыл да тіркеліп отыр.

ОЛЕГ БЕСПАЛОВ, СҚО орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының бөлім басшысы:

 

  • Түрлі табиғатты қорғау құрылымдары полицейлермен әлі де тығыз жұмыс істеп жатыр. Бүгінге дейін мамандар 30 рет рейдке шыққан. Нәтижесінде 10-ға тарта аң аулау ережелерін бұзу фактісі әшкере болды.Ала жіптен аттағандардың құжаттары дұрыс болмаған және рұқсат етілмеген құстарға саятшылық құрған. Бұл жандарға барлығы небәрі 90 мың теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынған. Сондай-ақ, көктемгі аңшылық маусымында 3 өрескел бұзушылық анықталып отыр.

    ОЛЕГ БЕСПАЛОВ, СҚО орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының бөлім басшысы:

     

  • Өрескел бұзушылықтар елік атуға қатысты. Мемлекетке келген шығын көлемі 10 млн теңгені құрайды. Азаматтарға қатысты қылмыстық іс қозғалды, олар 3,5 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.Айта кетейік, сәуірдің 23-і күні басталған аңшылық маусымы мамырдың 7-сі күні аяқталды. Яғни, қазіргі таңда аң-құсқа оқ атуға болмайды.

Алдияр Айтпаев