Мәдениет

Жерлес ақын, жазушы, журналист Ғалым Малдыбаевтың туғанына – 120 жыл

“Ұлтын сүйген қаламгер”. Ғ.Мүсірепов атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасында жерлесіміз Ғалым Малдыбаевтың 120 жылдығына орай еске алу кеші өтті. Дарынды тұлға 1902 жылы Жаңажол ауылында дүниеге келген. Өлең-жыр жазудан бөлек қаламы қарымды жан журналист болып еңбек еткен. Жиынға Ғалым Малдыбаевтың қызы мен ұлы қатысты.

ШАШУБАЙ МАЛДЫБАЕВ, Ғ.Малдыбаевтың ұлы:

-Әкем жалпы өлең жазудан бастаса да артынан журналистикада да көп қызмет атқарған. Баян ауылында, Оралда, Балқашта алғашқы газет ашқан кісі. Сол облыстардың бірінші редакторы болған. 01:27 Папамыз қолынан қаламы түскенше жазудан жаңылған жоқ. 04:07 Әкеміздің тағы бір тамаша қасиеті – ол өте балажан болды. Барлығымызға арнап өлең жазды. Барлығын жасап, әкелік қамқорлығын көрсетті.

Шарада қоғам қайраткерінің өлеңдерін мәнерлеп оқудан оқушылар арасында шағын байқау ұйымдастырылды. 6-шы сыныпта оқитын Аяжан Қалықова Ғалым Малдыбаевтың “Домбыра” өлеңін оқып берді.

Аяжан Қалықова, Абай атындағы мамандандырылған қазақ мектеп-гимназиясының оқушысы:

– Домбыра – қадірлі аспап.  Ақын осы өлеңмен домбыраны қадірлеп, оны құрметтеу керек екенін жеткізген деп ойлаймын. 

Бүгінде ақын-жазушының жарыққа шыққан әрбір еңбегі халықтың жүрегіне жол тауып, асыл қазынаға айналып отыр. Әсіресе, «Қажымұқан» поэмасы, “Қырым қызы” мен “Жазушы” өлеңдері халық арасында аса танымал.

АЙНАГҮЛ СЕРКЕНОВА, Ғ.Мүсірепов атындағы ОБЖК бөлім басшысы:

– “Ұлтын сүйген қаламгер” атты көрме ұйымдастырылды. Оған жазушының бізде бар екі кітабы қойылды және ол туралы Дихан Әбілов жазған естеліктері, Жарасбай Нұрқанов шығарған өлең ұсынылды.

Өңірде Ғалым Малдыбаевтың 120 жылдығы аясында оның өмірі мен шығармашылығы туралы іс-шаралар легі жалғасын табады.

Самал Жунусова